Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Қалалық «Әт-тақуа» мешітінде жастар ұйымы құрылды

Скачать шаблоны для cms Joomla 3 бесплатно.
Зелёные шаблоны джумла.

Қалалық «Әт-тақуа» мешітінде кезектен тыс мәжіліс ұйымдастырылып,  жастар ұйымы құрылды. Мешіттің жас қызметкерлері мен жас жамағаттың басын қосқан алқа мәжілісін бас имам Өсімхан Аманбайұлы ашып, жастарды еңбекқорлыққа, сабырлылық пен табандылыққа баулитын жас сахабалардың өмір жолдарын өнеге етті.

«Алғашқы сахаба – хазірет Әли Исламды қабылдағанда 10, Абдуллаһ ибн Омар және Убәйдә ибн әл-Жаррах 13, Уқба ибн Амир 14, Жәбир ибн Абдуллаһ және Зәйд ибн Хариса 15 жастарда болатын. Олар – хақ дін Ислам көгінде жарқырап, адамзатқа тура жол сілтеген жарық жұлдыздар еді. Жастар – қашан да соларды үлгі ету керек», – деді бас имам өз сөзінде.   

 Жастардан құралған бұл ұйымның мақсаты  – Алла үйінің ішкі-сыртқы тәртібін қадағалап, тазалық жұмыстарын ұйымдастыруға атсалысу. Сондай-ақ, мешіттің қайырымдық бағыттағы бастамаларын жүзеге асыруға белсене араласып, қоғамдық шараларды өткізуде жамағатпен бірлесе жұмыс жасау.

Жастар ұйымының төрағасы болып наиб имам Болат Әбдікәрім сайланып, жиын соңы спорттық шараға ұласты.

 

ҚМДБ-ның Атырау

өкілдігінің баспасөз қызметі,

«Әт-тақуа» мешіті

Жоғарыға