Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Мәуліт айында қайырымдылық жасау – игі іс

Скачать шаблоны для cms Joomla 3 бесплатно.
Зелёные шаблоны джумла.

Қайырымдылық – ізгі істердің ең көркемі. Өзіңде барды өзгемен бөлісу –  Алла Тағала жақсы көретін игі істердің бірі. «Сәбә» сүресінде «Алланың жолында не жұмсасаңдар да Алла Тағала оның орнын толтырады», – делінсе, «Табағун» сүресінің 16-18 аяттарында: «Шамаларың келгенше Алла Тағаладан именіңдер. Оның айтқанына бойұсыныңдар, (Алла жолында) мал-мүліктеріңді жұмсаңдар. Бұл өздерің үшін қайырлы. Кімде-кім нәпсі сараңдығынан сақтанса, ол мақсатына жетуші. Егер Аллаға жақсылап қарыз берсеңдер (садақа берсеңдер), Алла оның сауабын еселеп қайтарады. Сендерді жарылқайды. Алла – береген (аз жақсылыққа, көп сауап беруші), кеңпейіл, жазалауға асықпайды. Ол – құпияны да, әшкерені де білуші. Ол – аса үстем хикмет иесі» – деп, мейірімділік көрсеткенге ахиретте Алла Тағала тарапынан жомарттық етіледі.

Халымызда «кең болсаң, кем болмайсың», «қайырымдылық жасасаң, қайырын көрерсің» деген мақалдар  бекер айтылмаса керек.Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадистерінде де қайырымдылық көрсетіп, жетім мен жесірге қол ұшын созған адамға сансыз сауаптар жазылып, күнәлары кешірілетіндігі айтылады. Ендеше есебі жоқ сауапқа кенелудің жолы, қолы ашық жомарт болуда екен.

Қасиетті Мәуліт айында Жарсуат ауылының тұрғыны Хамидулин Жиенғали осындай жомарттық танытып, жабағы малын садақа етті. Жарсуат ауылдық мешітінің имамы Қ.Рспаевтың басшылығымен аталған жылқы малы сойылып, 12 тұрмысы төмен отбасына таратылып берілді.

 

ҚМДБ Атырау облысы бойынша

өкілдігінің баспасөз қызметі,

Жарсуат ауылдық мешіті

 

Жоғарыға