«Дина» сауда орталығы намазханасында жамағат бас қосқан жиын болды
«Дина» АҚ-ы сауда орталығы намазханасының имамы Мұнархан Шәпенұлының ұйымдастыруымен намазханада жамағат бас қосқан жиын болып өтті.
Жамағатпен кездесіп, насихат айтуды мақсат еткен жиынға Ақпараттық-талдау орталығының директоры Айбек Аташев, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы қоғамдық қорының теологы Мейіржан Рахматулла, сондай-ақ, Ахмет Абдулазиз Зәйд Абдулазиз ұстаз қатысып, Ислам дініндегі достық, бауырмалдық тақырыбында уағыз айтты.
Жиын соңында теолог М.Рахматулла жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауап берді.
Мұнархан Шәпенұлы,
«Дина» сауда орталығы
намазханасының имамы
