Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Тағылымдық мәні зор кітаптар таратылды

Скачать шаблоны для cms Joomla 3 бесплатно.
Зелёные шаблоны джумла.

Бүгінгі  таңда ізгілік ұйытқысы болған дін төңірегінде кереғар көзқарастар орын алуда. Құран мен сүннет сынды қос қайнар көзі бар Ислам дінінің пенделік көзқарастан қашан да биік болғаны, Алла Тағала тарапынан қорғалып келгені де адамзатқа аян.

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) бір хадисінде: «Үмметімнің түрлі көзқараста болуы – игіліктен», – деген. Алайда, қазіргі таңда мұсылман үмметінің сүннетке қайшы келіп, ел арасына іріткі салуы жақсылықтың нышаны емес. Міне, осының алдын-алып, елді бірлікке шақыруда діни-шариғи тақырыптарда жарық көрген кітаптардың маңызы орасан зор.

Солардың ішінде қазіргі таңда ең өзекті діни мәселе ақида мен фиқһ болып тұр. Осы ретте, қаңтар айының 13-ші жұлдызы, қасиетті жұмадан кейін Атырау қаласы, Тасқала ауылы, «Мәулімберген»  мешіті  жамағатына, Имам Ағзам Әбу Ханифаның: «Әл-фиқһул әкбар» яғни, «Ең үлкен фиқһ», «Дәлел-дәйектермен намаз оқу үлгісі, Ханафи мәзһабы бойынша», «Саяси-кәламдық және фиқһтық мәзһабтар тарихы» (авторы – Ақмарал Сатыбалдиева) секілді өте құнды кітаптар тегін таратылды.

Шара барысында бас имам Мақсот Бағытжанов  аталмыш еңбектерге аз-кем түсініктеме беріп, жамағатқа ілім-білім алудың маңыздылығын айтты.      

 

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша

өкілдігінің баспасөз қызметі,

 

«Мәулімберген» мешіті

 

Жоғарыға