Исатай ауданында Мәуліт мерекесі өтті
17-ші қаңтар күні Исатай аудандық «Зинеден Құрасұлы» мешітінің ұйымдастыруымен Мәуліт кеші өтті.
Аудандық мәдениет үйінде өткен рухани кешке ҚМДБ Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлы арнайы қатысып, аудан халқын айтулы мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, Мәуліт айының ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы уағыз айтты.
Құранмен ашылған тағылымдық кеште пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмір тарихына байланысты бейнебаян көрсетіліп, салауаттар айтылды. Діни өлеңдер шырқалды. Салауаттар айтылды.
Шараның марапаттау бөлімінде аудан әкімі Т.Сұлтанбековтің атынан бас имам Батыржан Берденұлы, имам атынан Алла үйіне жанашырлық танытып болып жүрген бір топ жамағат «Алғыс хатпен» марапатталып, ескерткіш сыйлықтар табыс етілді.
Кеш соңында пайғамбарды (с.ғ.с.) ұлықтауға жиналған жамағат Мәуліт дастарханынан дәм ауыз тиді.
ҚМДБ Атырау облысы бойынша
баспасөз қызметі,
«Зинеден Құрасұлы» мешіті
