Мешіт ақсақалдары жұма шайында бас қосты
«Қарты бар ел – қазыналы ел» дегендей, аузы дуалы қарияларға құрмет көрсетіп, ақ батасын алу – ұлттық дәстүріміз. Қазақ – қашан да үлкеніне құрмет, кішісіне ізет білдіріп, сыйластықтан аттамаған халық. Осы өнегесі мол көне салт, ата дәстүр «Иманғали» орталық мешітінің назарынан тыс қалмады. ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров жұма сайын қариялардың басын қосып, дастархан жаюды дәстүрге айналдырды. Осы ретпен бүгін мешіт қариялары (жамағат) жұма шайында бас қосты.
Жиын соңында қариялар мешіт ұжымына ризашылықтарын білдіріп, елдің амандығы, дініміздің өркендеп-өсуіне тілектес ниеттерімен бөлісті.
Гүлбану Нұрымқызы,
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
