Қалалық «Әт-тақуа» мешітінде айлық отырыс болып өтті
Қаңтар айының 21-і күні қалалық «Әт-тақуа» мешітінде айлық отырыс болып өтті. Жұмыскер мөлтек ауданы мешітінде өткен жиынды мешіттің бас имамы Өсімхан Аманбайұлы жүргізіп отырды.
Жиын барысында ҚМДБ Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлы сөз сөйлеп, «Ислам дініндегі достық» тақырыбында уағыз айтты.
Бас имам Ислам дінінің бауырмалдық діні екенін айта келе, дініміздегі достық тақырыбында сөз қозғады. «Дініміз бойынша адамдардың бір-біріне сүйіспеншілік танытуы, бауырына қолдау көрсетуі – бауырластық үлгісі. Осы орайда «Мұсылман – мұсылманның айнасы» екенін естен шығармаған абзал. Бұл – пайғамбар (с.ғ.с.) өсиеті», – деп жамағатты бауырмал болуға шақырды.
ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша
баспасөз қызметі, «Әт-тақуа» мешіті
