Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырау өңірі Мәуліт мерекесін атап өтті (фото)

Скачать шаблоны для cms Joomla 3 бесплатно.
Зелёные шаблоны джумла.

27-қаңтар күні Атырау жұртшылығы көптен күткен Мәуліт мерекесін атап өтті. Тағылым-тәрбиелік мәні зор болған бұл кеш пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетін қадір тұтып, бір-біріне айна іспетті бауыр болған мұсылман үмметінің басын бір арнаға тоғыстырған бірлік пен береке кеші болды десек, артық айтпағанымыз.

570 орындық театр орындығына сыймай, 2 сағаттан да артық уақыт аяғынан тік тұрып Мәуліт кешін тамашалаған ағайынның жылы жүз, нұрлы жанары осынау бір ең аяулы сезімді аңдатқандай еді...

 

Осы орайда ҚМДБ Атырау өңірі бойынша өкілі, «Иманғали»  орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы көп көңілін дөп басқандай: «Біз – бақыттымыз. Себебі, біз – Алла Тағаланың ең сүйікті елшісі, қасиетті Құран-кәріммен сүйіншіленген адамзаттың абзалы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың үмметіміз. Сондықтан да Алла Тағала нәсіп еткен тағдырымызға шүкіршілік айтып, пайғамбарымызды (с.ғ.с.) ұлықтай білуіміз керек. Дініміз пайғамбар (с.ғ.с.) нұрына қауышатын екі жолды көрсетіп қойды. Оның біріншісі салауат айту, екіншісі – пайғамбарды (с.ғ.с.) өз жанымыздан да артық жақсы көру», –деді. Пайғамбарына (с.ғ.с.) деген ерекше сағыныш, ерекше ынтық ықыласпен бар зейінін сахнаға салған жамағатқа бұл сөздердің әсер ептпеуі мүмкін емес-ті. Әсіресе, бас имам пайғамбар (с.ғ.с.) мейірімін еске алған тұста, көзіне жас алмаған жан кем болды.  

 

Құранмен ашылған Мәуліт кешіне Атырау облысы әкімі орынбасары Ә.И.Нәутиев қатысып, өңір халқын айтулы мерекемен құттықтады.

 


Кеште белгілі әншілер Б.Көшқалиев пен С.Әлібек иләһи әндер шырқап, «Өнер тарландары» театры мағыналы қойылымдарымен  көпшілік көңілінен шықты. «Жүректен жүрекке» еріктілер тобының балдырғандары пайғамбар (с.ғ.с.) хадистерін жатқа айтып, ел назарын аударды.

Кештің марапаттау рәсімінде облыстық Дін істері басқармасының басшысы Х.Көшқалиев, сондай-ақ «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Б.Берденұлы «Адамзаттың асыл тәжі» кітабы бойынша шығарма байқауында жеңімпаз атанған мешіт жанындағы сауат ашу курсының шәкірттерін, атап айтсақ, Ә.А.Жұмабайұлын 1-орын, М.С.Жанжігітовті 2-орын, М.Берікұлын 3-орын – жүлделерімен марапаттады. 

Сондай-ақ, өңірімізде Ислам дінін халыққа насихаттау, қайырымдылық шараларын жүзеге асыруға белсене араласып жүрген бір топ қоғам белсенділеріне «Алғыс хат» табыс етілді.

Толық суреттер ---> медиа/cурет әлемі/

Жоғарыға