Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Теолог мамандар жылыойлық жамағатпен жүздесті

Скачать шаблоны для cms Joomla 3 бесплатно.
Зелёные шаблоны джумла.

 19-ақпан күні «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы Қоғамдық қоры директорының орынбасары, теолог Қанат Жұмағұл және қор қызметкері Батырбек Убаев  Жылыой аудандық «Жылыой мұсылмандар» орталық мешітінің жамағатымен жүздесті.

Мешітте оқылған құптан намазының алдында Қанат Жұмағұл «Ар-намыс тазалығы» тақырыбында уағыз айтты. Сондай-ақ, құптан намазы бітісімен жайылған дастархан басында Батырбек Убаев ұстазымыз «Мазһабтың маңыздылығы және мейірімді болу» тақырыбында әсерлі уағыз айтты.

          Жылыойлық жамағат айтылған уағыздардан жақсы әсер алып, өздерін толғандырған түрлі сұрақтарын қойды. Тұшымды жауаптарын да алды. 

Кездесу соңында  мешіттің бас имамы Арман Исаев арнайы уақытын бөліп келген ұстаздарға жылыойлық мұсылмандар атынан алғыс айтты. Дін жолындағы жауапты қызметіне береке тіледі. 

 

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша

баспасөз қызметі,

 

Жылыой орталық мешіті

Жоғарыға