Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Келісіп пішкен тон келте болмас

Скачать шаблоны для cms Joomla 3 бесплатно.
Зелёные шаблоны джумла.

Мешіт – мұсылман баласының Алла Тағалаға құлшылық қылатын, екі дүниенің қажеттілігін сұрап мінәжат ететін қасиетті мекен. Қазақ халқы – ежелден мешітін қадірлеп, имам-молдасын құрметтеген халық. Сондықтан дінге, халыққа қызмет көрсету – баршамызға ортақ міндет.

  Осы мақсатта Атырау қаласына қарасты «Кең-өзек» ауылдық округі, Алғабас ауылдық «Мәулімберген» мешітің бас имамы Мақсот Бағытжанов қаңтардың 19-ы жұлдызында мешіт ұжымы бас қосқан биылғы жылдың алғашқы жиынын өткізді.

Жиынға наиб имам Ізбасар Қабдырахимов пен көмекші молда Серік Бәйменовтер қатысып, түйткілді мәселелерді талқылады.  Мешіт имамы мешіттің ішкі-сыртқы тазалығы мен тәртібіне қатысты тапсырмалар беріп, Алла Тағала ризалығы үшін адал қызмет етуге шақырды.

Жаратқан иеміз еселеп сауап жазғай!

 

ҚМДБ-ы Атырау өкілдігінің баспасөз қызметі,

 

Алғабас ауылы, «Мәулімберген» мешіті

 

Жоғарыға