Әкім бол, халқыңа жақын бол...
Алла Тағаланың қалауымен қазақ халқы сан ғасырлардан бері асыл дініміз – Ислам шариғатымен өмір сүріп келеді. Дін мен дәстүрді сабақтастырып, ұрпағын тәрбиелеп, ұлт болып ұйысып, береке-бірлік, ынтымағын арттыруда. Ел, қоғамның арасында түрлі елді толғандырып жүрген мәселелер де кездеседі.
Өткен жылдың соңында Атырау қаласы, «Кең-өзек» ауылдық округінің бұрынғы әкімі Ғарібжан Төлеуұлы Әбішев, зейнеткерлік жасқа шығуына байланысты әкімдік қызметтен босап, орнына Лұқпан Сәкенұлы Сәденов есімді азамат сайланған болатын. Айта кетейік, Ғарібжан Төлеуұлы өз кезінде мешітке, асыл дінімізге қолынан келген көмегін көрсетіп, үлкен адамгершілігін танытты.
Қаңтар айының 19-шы жұлдызында Алғабас ауылдық «Мәулімберген» мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов жаңадан ауыл әкімі болып сайланған Сәден Сәкенұлымен кездесіп, қызметіне табыстар тіледі. Өзекті мәселерді ортаға салды. Ауыл әкімі Сәден Сәкенұлы мешіт басшысын жылы қабылдап, қолынан келер жәрдемін қөрсетуге даяр екенін айтты.
Мешіт имамы өз ризашылығын білдіріп, ҚМДБ-ның бірінші наиб мүфтиі, Астана қаласы, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Ораздың «Тәпсір тұнығы» атты туындысын табыстады.
Алла Тағала баршамызды хидаятқа бастап, өзі пана, өзі қорған болсын! Әумин!
ҚМДБ-ы Атырау өкілдігінің баспасөз қызметі,
Алғабас ауылы, «Мәулімберген» мешіті
