Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Әйелдер жамағаты хадистерді жатқа айтудан сайысқа түсті (фото)

Скачать шаблоны для cms Joomla 3 бесплатно.
Зелёные шаблоны джумла.

Апта басында Атырау облыстық "Иманғали" орталық мешітінде әйелдер жамағаты ардақты пайғамбар (с.ғ.с.) хадистерін жатқа айтудан сайысқа түсті. Сайыс ҚМДБ Атырау өкілдігі бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі, мешіт ұстазы А.Түзелованың ұйымдастыруымен өтті.

 «Сүннет» және «Ахлақ» атты екі топ арасында өткен сайыс 7 бөлімнен тұрды. 1). Санаулы минут ішінде әр топ хадистерді жатқа айту; 2). Хадисті кезектесе айту; 3). Берілген сөздерге сәйкес хадис айту (берілген сөз хадисте қамтылуы керек); 4). Топ басшыларының сайысы (топ басшылары қойылған сұрақтарға хадиспен жауап береді); 5). Бірінші топ айтқан хадистің авторын екінші топтың табуы; 6). Берілген суретке орай хадис табу; 7). Хадистердің мағынасына түсінік беру.

Мешіт жанындағы сауат ашу курсының қыздар жамағаты қатысқан бұл сайысқа Сақыш Тіленова, Айжарқын Түзелова, Бибінұр Қармысқызы сынды ұстаздар әділқазылық етті. Сайыстың қорытындысы бойынша «Сүннет» тобы жүлделі 1-орынға ие болып, «Ахлақ» тобы екінші орынды қанжығасына байлады.

Сайыс өте тартысты өтті. Пайғамбар (с.ғ.с.) хадистерін жатқа айтудан алдына жан салмаған жас қыздар жамағатының қадамы көңіл қуантарлықтай. «Білім жарысы ең хайырлы жарыс» десек, жастың шағын ілім жолына арнап жүрген шәкірттердің әлі де талай игі істерімен топ жаратыны анық. Алла Тағала қадамдарын сауаптан жазып, ілімдерін арттырғай! 

Гүлбану Нұрымқызы,

"Иманғали" орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Жоғарыға