Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Әйелдер жамағаты мәйітті кебіндеу тақырыбында ашық сабақ өткізді

Скачать шаблоны для cms Joomla 3 бесплатно.
Зелёные шаблоны джумла.
Еске сала кетейік, осыған дейін ҚМДБ-ның «Әйел-қыздар» секторының Атырау өкілдігі бойынша жетекшісі, «Иманғали» орталық мешітінің ұстазы Айжарқын Түзелованың мәйітті кебіндеу рәсіміне арналған шеберлік дәрісін өткізгенін хабарлаған болатынбыз. Дәріс негізінде мешіт жанындағы сауат ашу курсы шәкірттерінен емтихан қабылданған еді.
Бүгін, 29-қаңтар күні алынған теориялық білімді пысықтау мақсатында кебіншілер тобы ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа мешіт азаншысы Арман Урумбаев, кезекші молда Кәкімжан Кенжинов қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Ашық сабақ барысында шәкірттер марқұмды арулап кебіндеу рәсімінің орындалу ретін көрсетіп, аталған тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап берді. Сабақ соңында ұстаз А.Түзелова халыққа қызмет ететін кебіншілер тобының  құрылғанын атап айтты. Әзірге кебіншілер саны – 15 әйел адам. Олар алдағы уақытта халық сұранысына сай кебіндеу қызметіне араласпақ.
 
Гүлбану Нұрымқызы,
«Иманғали» орталық мешітінің
 баспасөз қызметі

 

Жоғарыға