Ауыл әкімінің есеп беру жиынына имам қатысты
Баршамызға белгілі, қазіргі таңда барлық деңгейдегі әкімдер халыққа есеп беруде. Жыл бойына атқарылған жұмыстар мен болашақтағы келелі істер жұртшылық назарына ұсынылып, ел-жұрттың толғандырып жүрген көкейтесті сұрақтарына жауаптарын беруде. Әрине, әкім болу, ел-жұртты басқару әркімнің қолынан келер іс емес. Сондықтан дана халқымыз: «Әкім бол, халқыңа жақын бол», – деп жатады.
Қаңтар айының 26-шы жұлдызында Атырау қаласы,Тасқала ауылы «Кең-өзек» ауылдық округінің әкімі Сәден Сәкенұлы Лұхпанов, округ тұрғындары алдында есеп берді. Жиынға Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсебаев пен қала әкімі Серік Шапкенов, сондай-ақ, әртүрлі мемлекеттік мекеме басшылары қатысып, халыққа есеп берді.
Жиынға Алғабас ауылдық «Мәулімберген» мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов та қатысып, түйткілді мәселелер төңірегінде ой-пікірлерін білдірді.
Жаратқан Жаппар иеміз бір-бірімізге деген ізет-құрметті арттырып, бұл дүниелік, ахиреттік түрлі есеп-қисаптардан жеңіл өтуімізді нәсіп етсін. Тәуелсіз Қазақ елі тыныштық пен береке-бірліктің мекеніне айналып, өркендей берсін.
ҚМДБ-ы Атырау өкілдігінің
баспасөз қызметі,
«Мәулімберген» мешіті
