Имамдар бас қосқан алқалы жиын
Апта басында "Иманғали" орталық мешітінде ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлының ұйымдастыруымен облыс имамдарының кезекті жиналысы болып өтті.
Жиналыста күн тәртібіндегі басты мәселелер талқыланып, имамдарға қосымша тапсырмалар жүктелді. «Құспан молда» мешітінің күрделі жөндеу шараларына байланысты өз қызметін тоқтатуына орай, мешіт жамағаттарын өзге мешіттерге бөлу туралы ұсынысын айтты.
Бас имам имамдардың қоғамдық жауапкершіліктерін тілге тиек етіп, «Сендер адам баласы үшін игілікті әмір етіп, жамандықтан тыятын, сондай-ақ Аллаға сенетін үмбеттердің ішіндегі қайырлысы болып жіберілдіңдер», – деп келетін Құран аятын мысалға келтіре отырып, имамдық қызметтің елді бірлікке, татулыққа бастаудағы орнына тоқталды. «Имамдық – Алла алдында да, адам алдында да абыройлы қызмет. Сондықтан қызметіміздің абыройлы атқару – дінімізге жасаған құрметіміз», – деді.
"Иманғали" орталық мешітінің
баспасөз қызметі
