Теріс пиғылды ағымдардан сақтану жолдары
2-ақпан күні Жылыой ауданыТұрғызба елді-мекеніне қарасты №4 жалпы орта білім беретін мектепте «Теріс пиғылды ағымдардан сақтану жолдары» атты тақырыпта ауылдық мешіт имамы А.Есқайыров, Жем ауылдық округі әкім аппаратының бас маманы С.Досқалиев, мектеп директорының орынбасары Б.Нұржанова, дінтану пәнінің мұғалімі Н. Табылғанова мектеп оқушыларымен кездесті.
Шара барысында имам А.Есқайыров жат ағым өкілдерінің теріс пиғылдары туралы кеңінен мағлұмат берді. Дәстүр, тарихымыз бен ұлттық құндылықтарымызға сәйкес келетін діни ұстанымды қалыптастыруымыз қажет. Исламдағы бала тәрбиесінің отбасынан басталатынын, ата-ананың баласының алдындағы міндеттері мен ұлттық сананы қалыптастыру жолдары жөнінде уағыз-насихат айтылды.
Кездесу соңында оқушылар өздерін мазалап жүрген сауалдарын мешіт имамына қойып, тұшымды жауаптарын алды.
ҚМДБ Атырау облысы
бойынша баспасөз қызметі,
Тұрғызба ауылдық мешіті
