«Мәулімберген» мешітінде теолог сабақ береді
Алла Тағаланың адамзат баласына жіберген ақырғы елшісі, сүйікті пайғамбар Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Мұсылман ер мен әйелге білім алу парыз», – дейді. Яғни, әр мұсылман баласы білім иелерінен діни сауаттанып, ілім-білім алуға міндетті. Ыбырай атамыз: «Бір Аллаға сыйынып, кел балалар оқылық...», – деп өлмес өсиет тастап кетіпті.
ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бекіткен төрт бағыттың бірі , оқу-ағарту болып табылады. Осы бағытта Атырау қаласы, Алғабас ауылы,«Мәулімберген» мешітінде облыстық Дін басқармасының маманы, теолог-ұстаз, «Нұр-Мүбарәк» Египет Ислам мәдениеті университетінің түлегі Аманкелді Қалдыбайұлы әр аптаның 1-ші және 3-ші күндері дәріс оқуды бастады. Дәріске түрлі жастағы шәкірттер қатысып, діни-шариғи дәрістермен сусындауда.
Алла Тағала баршамызға еселеп сауап жазсын.Әумин!
ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша
баспасөз қызметі,
«Мәулімберген» мешіті.
