Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Имам ауыл әкімі өткізген жиында сөз сөйледі

Атырау қаласына қарасты Қайыршақты ауылының әкімі жергілікті ел тұрғындарымен кездесу өткізді. Бесікті ауылында өткен жиынға «Қажымұқан Мұңайтпасов» атындағы ауыл мешітінің бас имамы Нартай Сүндетов барып,  қатысып қайтты. Ол жиын барысында жастарды  жат ағымнан сақтау, ұлттық қауіпсіздікті сақтау төңірегінде әңгіме өрбітті.

Мешітте атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, ақсақалдар мен үлкен кісілердің мешітпен тығыз байланыста жұмыс жасауы туралы өтініш білдірді. Жастар тәрбиесін тілге тиек еткен ол бала болашағына сақтықпен қарауға шақырды. «Ел тыныштығы мен татулығына жететін байлық жоқ, ендеше қолда бар алтынды қадірлеу басты борышымыз екенін ұмытпайық», – деді ол сөз соңында.

 

 

ҚМДБ-ның Атырау өкілдігінің

баспасөз қызметі,

«Қ.Мұңайтпасов» мешіті

Жоғарыға