Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Теолог мамандар Дамбы ауылдық мешітінде уағыз айтты

Атырау қаласына қарасты Дамбы ауылы «Атырау селолық мешітінде» теолог мамандар жамағатпен кездесу өткізді. Кездесуге Ақпараттық-талдау орталығының басшысы Айбек Асқарбекұлы, теолог маманы Бегалиев Еламан келіп уағыз айтты.

Құптан намазының алдында өткен басқосуды мешіттің бас имамы Өскенбаев Санат ашып, жүргізді. Мамандар еліміздегі діни ахуал туралы сөз өрбітіп, экстремизмнің алдын-алудағы діни сауаттылықтың маңыздығына тоқталды.

Ескерте кету керек, алдағы уақытта теолог мамандар мешітте тұрақты уағыз айтатын болады.

 

ҚМДБ-ы Атырау өкілдігінің баспасөз қызметі,

Дамбы ауылы «Атырау селолық мешіті»

Жоғарыға