Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атыраулық ағайын Қанат Жұмағұлды жаңа қызметіне шығарып салды

Скачать шаблоны для cms Joomla 3 бесплатно.
Зелёные шаблоны джумла.

14-ақпан күні «Иманғали орталық мешітінде өткен жамағаттың басқосу жиыны Ислам дініндегі ынтымақ, татулық тақырыбына арналып, дінтанушы-теолог, білікті маман Қанат Жұмағұлды шығарып салу салтанатына ұласты.

Бүгінгі таңда ай сайын дәстүрлі түрде өтіп тұратын айлық отырыстың кезекті жиынын ҚМДБ-ы Атырау өңірі бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлы ашып, көппен бірге болуды, татулықты үндейтін айлық отырыстың мән-маңызына тоқталды.

Жиын барысында Тараз қаласындағы «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалған Қанат Жұмағұл дініміздегі ынтымақ, береке бастауы тақуалық туралы уағыз айтты. «Адам өміріндегі ең асыл құндылық, баға жетпес байлық – бірлік. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» демекші, асыл дініміз береке-бірлігі мол елде қанатын жаймақ. Өйткені, біздің Ислам діні – бірліктің бастауы іспетті сабыр, шыдамдылық сынды тақуалыққа шақыратын дін. Ендеше, дін бар жерде – ынтымақ бар, ақыреттік достық бар. Осындай ең жақсы қасиеттерді насихаттап, тура жолды нұсқайтын дінімізді құрметтей білейік, қадірлейік», – деді ол сөз сөзінде.

Жиын соңында бас имам Батыржан Берденұлы Атырау өңірінде болған аз жылдарында «Шапағат деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек» қоғамдық қорының директоры, қалалық «Әт-тақуа» мешітінде имам, ұстаздық қызметтерін абыройлы атқарған Қанат Жұмағұлды «Алғыс хатпен» марапаттап, қазақ салтына сай иығына шапан жапты. Жаңа қызметіне табыс тілеп, дін жолындағы аса жауапты қызметін ойдағыдай атқаратынына сенім білдірді. Теологтың әріптестері мен шәкірттері ізгі тілектерін арнап, ізгі ниет, ақ пейілдерін жолдады.

 

Гүлбану Нұрымқызы,

«Иманғали» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Жоғарыға