«Имандылық – инабаттылықтың айнасы»
13 ақпан күні Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон елді мекеніне қарасты №8 кітапханада «Имандылық – инабаттылық айнасы» тақырыбында мектеп оқушыларымен дөңгелек үстел болып өтті. Іс-шараға Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон ауылы, «Нұрқас-Сатыбалды» мешітінің бас имамы А.Сарсекеев қатысып, Ислам дінінің артықшылығы, имандылық және инабаттылық турасында, исламдағы бала тәрбиесі, діни экстремистік ағымдардың кері әсері, білім алудың маңыздылығы және ата-ананың қадірі туралы түсіндірді.
Мектеп оқушылары өздерін мазалаған сұрақтарын келген имамға қойып тұшымды жауаптарын алды. Кітіпхана ұжымы жасөспірімдерге тура жолды насихаттағаны үшін мешіт имамына өз алғыстарын білдірді.
ҚМДБ-ы Атырау өкілдігінің баспасөз қызметі,
Жылыой аудандық орталық мешіті