Атырау селолық мешітінде «Ақсақалдар алқасы» бас қосты
22-ақпан күні Атырау селолық мешітінде «Ақсақалдар алқасының» басқосу жиыны өтіп, дастархан жайылды.
Жиынның мақсаты – жамағат арасындағы ауызбіршілікті нығайту, бауырмалдықты арттыру. Бұл туралы мешттің наиб имамы Жолдасов Бағытжан сөз сөйлейді.
Ақсақалдар алқасы атынан Серік аға өз пікірін білдіріп, «Мұндай басқосулардың жастарға берер үлгі-өнегесі мол. Мешітімізге жаңадан келіп жамағатымызға қосылып жатқан жастар теріс ағымдарға қосылып кетпей, дастүрлі Абу Ханифа мазһабы бойынша намаз оқып, сол жастар кейін ауыл-өңірімізде дін-Исламның кең таралуына септігін тигізуі керек», – деді.
Жиын соңында жас жамағат атынан Гумаров Асылбек бауырымыз сөз сөйлеп, ризашылығын білдірді.
ҚМДБ-ы Атырау өкілдігінің
баспасөз қызыметі,
«Атырау селолық мешіті».