Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Имамдардың басқосу жиыны өтті

Скачать шаблоны для cms Joomla 3 бесплатно.
Зелёные шаблоны джумла.

 

          27-ақпан күні «Иманғали» орталық мешітінде өңірімізге қарасты қала, аудан және ауыл имамдарының басқосу жиыны өтті.

          Имамдардың кезекті жиынын ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы ашып, жүргізіп отырды.

Жиын барысында оқу-ағарту, үгіт-насихат, қайырымдылық және экстремистік ағымдармен күрес сынды төрт бағыт негізінде атқарылып жатқан жұмыстардың есебі тыңдалып, күн тәртібіндегі басты мәселелер талқыланды.

Бас имам Батыржан Мансуров «Қасиетті Құранда «Сендер адам баласы үшін игілікті әмір етіп, жамандықтан тыятын, сондай-ақ Аллаға сенетін үмбеттердің қайырлысы болып жіберілдіңдер», – деп келетін аят бар. Демек, дін-Ислам жолында Алланың үйінде қызмет ету – ардақты пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) қалған асыл сүннетті жамағатқа насихаттау, үлгі ету. Олай болса, Алланың разылығына қауыштыратын қайырлы істі жауапкершілікпен атқару – дінімізге құрмет көрсеткенмен тең. Алланың алдында да, адам алдында да абыройлы қызмет», – дей келе, имамдар беделінің қашан да биік болуына тілектестігін білдірді.

 

Гүлбану Нұрымқызы,

«Иманғали» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Жоғарыға