«Иманғали» мешіті ұжымы жетімдер үйіне қайырымдылық жасады
1-наурыз – «Алғыс айту» күні «Иманғали» орталық мешітінің ұжымы Сабыр Қазыбаев атындағы №1мектеп-интернатына барып, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жетім балалармен кездесті.
ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкілі, бас имам Батыржан Берденұлы басшылық еткен қайырымдылық шеруін мектеп-интернат оқушылары қуана қабылдап, жүрекжарды ыстық лебіздерімен бөлісті.
Шара барысында өкіл имам саналы ғұмырларын бала тәрбиесіне арнап, жетім балаларды өз баласындай мәпелеп отырған интернат ұжымына алғыс сезімін білдірді. «Жетім ақысы – Алла ақысы. Жаны жаралы жетімнің басын сипап, оған қамқор болу – пайғамбар (с.ғ.с.) сүннеті. Ендеше, Алла Тағаланың разылығына қауыштырып, сансыз сауапқа кенелтер қызметтеріңізге береке тілеймін», – дей келе, аналық мейірім, аялы алақанға зәру балаларға арнайы ала барған тәттілерін тарту етті.
Гүлбану Нұрымқызы,
«Иманғали» орталық
мешітінің баспасөз қызметі