Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Мүгедектер мейірімге мұқтаж

Скачать шаблоны для cms Joomla 3 бесплатно.
Зелёные шаблоны джумла.

     ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бекіткен негізі төрт жұмыс бағытының бірі – қайырымдылық. Жалпы, қазақ халқының қанында бар ізгі қасиеттің де қайырымдылық екені даусыз дүние. Бұрынғы кездері үлкендер «қол қайырымы жоқ», – деп әлдебіреулерге реніштерін білдіріп жататын. Яғни, қайырдымдылық Ислам шариғаты бойынша да көл-көсір сауапқа да жетелейді.

 ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров, осы төртінші жұмыс бағыт аясында облысқа қарасты барлық мешіттерге  «Мүгедектерге қамқор болайық!» атты қайырымдылық акциясын өткізуді тапсырған болатын. Осыған орай, Атырау қаласы,Тасқала  ауылы, «Мәулімберген» мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжановтың мұрындық болуымен бірнеше мүгедек мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсетілді.

  Атап айтқанда,Тасқала ауылы Қатап Жұмиев көшесінің тұрғыны 3-ші топ мүгедегі Гүлзира Әбуқызы Нұрғалиева, «Кең-өзек» ауылдық округі, «Зарослый» бөлімшесінің 2-ші топ мүгедегі Гүлжамал Оразбаева мен Атырау қаласы, Ақжайық тұрғын алабында тұратын 2-ші топ мүгедегі, 75-жастағы Марфуға Қадырова есімді әжейге де қайырымдылық көмек жасалды.

Жаратқан Жаппар иеміздің разылығы үшін жасалған әрбір игілікті істеріміз қабыл болып, Ұлы Рахман еселеп сауап жазғай! Егемен еліміздің еңсесі биік, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, ел іргесі биік болғай!  Әумин!

 

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша

өкілдігінің баспасөз қызметі,

«Мәулімберген» мешіті

Жоғарыға