Салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты және ұлттық қағидаларды қорғау
2-наурыз күні Жылой ауданы, Жана Қаратон елді мекеніндегі №23 мектепте «Дәстүрлерді, әдеп ғұрыптарды және ұлттық қағидаларды қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Кездесуге «Нұрқас-Сатыбалды» мешітінің бас имамы А.Сәрсекеев, ауылдық әкімшіліктен С.Ұзаққызы, мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты.
Бас имам жастарға дәстүрлі Ислам діні құндылықтары, экстремистік ағымдардың кері әсері, терроризмге қарсы, бейбітшілікті қолдаушы, ең таза дін екендігі жөнінде сөз қозғады. Сондай-ақ, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
«Қазіргі таңда жастарымыздың жат ағымдардың жетегінде кетуі Ислам дінін толық білмеуінен. Біз жастарымызға Исламды дұрыс түсіндірсек, олар жат ағымдарға ермеуші еді», – деді бас имам.
Шара соңында мектеп әкімшілігі шара қонақтарына алғыс айтып, алдағы уақытта жүйелі кездесу өткізіп тұруға келісті.
ҚМДБ-ы Атырау өкілдігінің
баспасөз қызметі,
Жылыой аудандық мешіті