Әйел-аналарға қайырымдылық жасалды
Бүгін, 7-наурыз күні «Иманғали» орталық мешітінде халықаралық Әйел-аналар мейрамына орай бір топ ақ жаулықты аналарға қайырымдылық жасалды. Қайырымдылық шараның мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі және асыраушысы жоқ қамкөңіл жандарға көмек қолын созу.
Қайырымдылық пакеттерін (макарон, күріш, өсімдік және мал еті, т.б.) тарату барысында ҚМДБ-ның мұнайлы өңірдегі өкілі, бас имам Батыржан Берденұлы сөз сөйлеп, ақ жаулықты ана, апаларымыз бен жеңгелерімізді көктемнің алғашқы мерекесі – Әйелдер мейрамымен құттықтады.
Айта кету керек, игі шара барысында 20-ға жуық отбасыға азық-түлік пакеттері таратылды.
Гүлбану Нұрымқызы,
«Иманғали» орталық
мешітінің баспасөз қызметі