Тазалық – иманнан
Жылыой аудандық орталық мешітінде сенбі күні мешіт қызметкерлері және мешіт жамағатының қатысуымен сенбілік өтті.
Сенбілік барысында мешіт ауласына тазалық жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, ағаштардың түбі қопсытып, ақтау жымыстары жасалды.
Дініміз Ислам тазалыққа қатты көңіл бөледі. Ардақты Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Тазалық – иманның жартысы» – деген. Тағы бір хадисінде: «Алла – жомарт құлдарын жақсы көреді. Алла таза жүретін құлдарын жақсы көреді. Ендеше, үйіңіздің маңайын да таза ұстаңыздар!» – деген. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Алла Тағала көп тәубе етушілерді және тазаланушыларды жақсы көреді», – деген.
Сенбіліктің жамағат ауызбіршілігін арттыруға да тигізген ықпалы зор болды.
ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша
баспасөз қызметі,
Жылыой аудандық мешіті