Қосшағыл ауылында Наурыз мерекесі тойланды
Наурыз айының 19-жұлдызында Жылыой ауданы, Қосшағыл ауылында Наурыз мерекесі тойланды.
Мерекелік шарада ауыл әкімі А.Ідрисов, «Жылыой орталық мешітінің» бас имамы А.Исаев, Жылыой, аудан әкімінің орынбасары Н.Өмірбаев, қала әкімі Ш.Кеким, «Қапан қажы» мешітінің имамы Ж.Ыбыраш, «Қосшағыл ауылдық» мешітінің имамы Теңел ауыл тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтап, жамағатқа жылы лебіздерін білдірді.
Наурыз мерекесіне арнайы наурыз көже пісіріліп, ұлттық дәстүрді жаңғыртатын қойылымдар, бесікке салу дәстүрі көрсетілді. Мектеп оқушыларының шырқай салған әндерін тамашалаған жамағат дастарханнан дәм ауыз тиді.
Ауылдың ақсақалды, аталары мен әжелері ұлттық киімдер киіп, шашу шашты. Жастарға алғысын айтты.
ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша
баспасөз қызметі, "Қосшағыл" мешіті