Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Шоқпартоғай ауылында Наурыз тойланды

         Наурыз айының 20-жұлдызында Шоқпартоғай ауылында Ұлыстың ұлы күні Əз Наурыз тойланды. Ұлттық мерекеміз ұлықталды. Ауыл әкімі Е.Елеусінов , «Қапан қажы» мешітінің имамы Ж.Ыбыраш тұрғындарды наурыз мерекесімен құттықтады.

         Ауыл халқы орталыққа жиылып, төл мерекеде думандатты. Жастар əн салып, би билеп, ұлттық өнерден, ойындардан керемет көріністер көрсетті. Ауылдағы əр саланың озаттары марапатталды. Ақ жаулықты аналар, қария қарттарымыз жастардың мерекелік сыйына разы болып, баталарын берді.

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі,

"Шоқпартоғай" мешіті

Жоғарыға