Дін мен дәстүр егіз ұғым
2017 жылғы 17сәуірде Жылыой ауданы, Қара-Арна ауылдық округі «Ырыс» денешынықтыру сауықтыру кешенінде «Дін мен дәстүр ұлағатты ұғым» тақырыбында жастармен, мекеме қызметкерлері, мектеп оқушылары және ауыл тұрғындарымен кездесу өткізілді.
Мақсаты - діни тұрақтылықты нығайту, сауаттылықты арттыру, экстремизм мен радикализм идеяларын алдын-алу.
Кездесуге «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының директоры Е.Жаулин,«Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының теологы М.Кульсумаков, Атырау облысы ІІД-нің жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, подполковник М.Демегенов, Жылыой аудандық маслихатының депутаты С.Балжігітов, облыстық жұмыспен қамту басқармасының бөлім басшысы Д.Әбішева, облыстық кардиолог орталығының кардиолог дәрігері Э.Жумагалиева, Қара-Арна ауылдық округінің әкімі Е.Елесуінов қатысты.
Қара-Арна ауылдық округінің әкімі Е.Елеусінов жиынды ашып, ұйымдастырудағы мақсаты мен маңызына тоқтала кете, баяндамашыларды таныстырып, қатысушыларға осы мүмкіндікті пайдалана отырып көкейдегі толғандырған сауалдарды қоюға шақырды.
«Жәрдем-Атырау» КҚ директоы Е.Жаулин тақырып аясында маңызды мәселелерді атай отырып, жастар арасындағы діни ахуал қай ата-ананы да алаңдататынын ескеріп өтті. Бұл – қоғамдағы түйінді мәселелердің бірі екені де рас. Өйткені, ұл-қыздарын мешітке жіберуден қорқатын болды олар. Десе де, құбылаға қарап тізе бүккен, Жаратушысын таныған кейінгі буынның, ата жолын ұстанған ұрпақтың көбеюі көңіл қуантады. Ал, олардың бағыты қандай, жат пиғылды ағымдардың жетегінде емес пе, неге жаппай діншіл болып кеттік? Осы сауалдардың жауабы туралы біраз ойын ортаға салды.
«Шапағат» орталығының теологы М.Кульсумаков өз кезегінде әр халықтың өзіне тән, қоғамның дамуына байланысты ерекшеліктері болады. Мәселен, еліміздің ұлан-байтақ жерді алып жатуының өзі ғасырлар бойы халқымыздың бойындағы, батырлық пен ерлік дәстүрін тудырған. Қазақ – ұлттық дәстүрге ерекше мән беретін халық. Дәстүр – ұлтты рухани жандандырып, оның ішкі және сыртқы келбетін өрнектеп, көрсетіп тұратын сипаттар. Дін мен дәстүр – қашанда бір-бірімен сабақтас ұғым. Екеуі егіз тақырып десек те болғандай.Дін бар жерде дәстүр, дәстүр бар жерде дін де бар деп айтуға болады. Алла тағала құранда: «Кешірімді бол, ғұрыпқа жақсылыққа бұйыр және надандардан жырақ бол» - деп әмір етеді. Ғұрып дегеніміз бір қоғамда қалыптасқан жағымды әрі қайырлы іс. Демек, Алла тағала жоғарыдағы аяттарда қоғамда жағымды жағдайларды қалыптастырып, оларды негізге алуға әмір етіп тұр, - деп сөзін қорытындылады.
Жиын соңында діни тақырыпта сұрақтар қойылып, өз ойларымен пікір алмасылды. Шараға150адам қатысты.
«Шапағат» орталығы
баспасөз қызметі