Білікті теологпен кездесу
17-сәуір күні «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы ҚҚ-ның теологы Батырбек Убаев «Жылыой мұсылмандар» орталық мешіті жамағатымен жүздесті. Кездесу барысында Б.Убаев «Ата-ананаға құрмет» тақырыбында уағыз айтты. Сөз барысында «Адам баласының Алла Тағала алдында дәрежесін көтеретін амалдардың бірі – ата-ананы құрметтеу. Бұл ретте Құран Кәрім«Раббың, өзіне ғана құлшылық етулеріңді және ата-анаға жақсылық жасауларыңды парыз етті», – десе, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Алланың разылығы ата-ананың разылығында, Алланың ашуы ата-ана ашуында», – деп, ата-ананың разылығын алуды өсиет етеді.
Сондай-ақ құптан намазынан алдында 300 -ге жуық жамағатқа теолог Батырбек Убаев «Амалдардың ең жақсысы азда болсада үнемі жалғасын тапқан амал» атты тақырыпта әсерлі уағызын айтты. Кездесу соңында Жылыой аудандық мешіттің бас имамы А.Исаев арнайы уақытын бөліп келген ұстазға жылыойлық мұсылмандар атынан алғыс айтты. Дін жолындағы жауапты қызметіне береке тіледі.
ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша
баспасөз қызметі,
Жылыой аудандық орталық мешіті