Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Шоқпартоғай ауылында өткен кездесу

Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылы, Қара-арна селолық округі әкімшілігінде терроризм мен экстремизмнің алдын-алу мақсатында арнайы құрылған жұмыс тобы ауыл халқымен кездесу өткізді.

Шараға Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Өмірбаев Нұрадин, Атырау облыстық прокуратурасының аға көмекшісі Еділов Есболат, облыстық басқарманың бас маманы Жанқожаева Гүлмира, Атырау облстық ауруханасы клиника-диагностика бөлімінің орынбасары Есбусинов Марат, ауыл әкімі  Елеусінов Ерболат, «Қапан қажы» мешітінің имамы Ыбыраш Жамбыл қатысып, сөз сөйледі.

Осыған дейін аталған топтың Жылыой ауданында өз жұмысын бастағаны жөнінде хабарлаған болатынбыз. Аталған топ жеті бағыт бойынша, атап айтсақ, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, бизнесті дамыту, әлеуметтік мәселелерді шешу, діни мәселелер, ақпараттық жұмыс және терактілерге қарсы дайындық бойынша үш күндік шаралар өткізді.

Кездесу барысында терроризм мен экстремизмді насихаттау арқылы қылмыстық кодексте көрсетілген заңды жауапкершіліктер түсіндірілді. Жиналыс соңында ауыл тұрғындарының көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі,

Шоқпартоғай ауылдық мешіті

Жоғарыға