Имам Жамбыл Демеуұлы "Нұрқас-Сатыбалды" мешіті жамағатына уағыз айтты
Жылыой ауданы, Қаратон кентіндегі «Нұрқас-Сатыбалды» мешітінде құптан намазының алдында белгілі дінтанушы, "Қапан қажы" мешітінің имамы Жамбыл Демеуұлы жамағатқа уағыз айтты.
Кездесуді мешіт имамы Ажок Сарсекеев ашып, Жамбыл Демеуұлын жамағатқа таныстырды. Жамбыл имамның көтерген мағыналы уағызы дініміздің атын жамылып, жамағатқа іріткі салуды көздейтін адасқан ағымдардың жат пиғылынан сақ болу, олардың алдын-алу мәселелері болды. Олардың азып-тозып, Алланың емес, адамның құлы болуына алып келген не? Әрине, үйдегі тәрбиенің кемдігі, ұлттық мүдденің әлсіздігі, тарихи сауатсыздық. Міне, осы сынды ұлттық құндылықтар бала санасына сіңбесе, сенің үйіңнен де дінінен бейхабар, тілі шорқақ, ұлтсыз, қайырсыз баланың өсіп шығуы әбден мүмкін. Сондықтан да ар-намысты, адал болуды үндейтін мұсылмандық тәрбиеге ден қойып, адамдық қалпымызды түзеу арқылы көркем мінезге қол жеткізуіміз керек. Бұл - пайғамбар (с.ғ.с.) сүннеті", - дей келе, экстремистік ағымдардың алдын-алуда маңызы зор тәрбие мен білімнің маңыздылығын атап көрсетті.
Уағыз-насихат соңында жамағаттардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.
ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша
баспасөз қызметі,
«Нұрқас-Сатыбалды» мешіті