Жат ағымға қарсы күрес – ортақ міндет
Терроризм мен экстремизмнің алдын алу мақсатындақұрылған жұмыс тобы
Шоқпартоғай ауылы, Қара-арна селолық округі әкімшілігінінде ауыл тұрғындармен жүздесті. Ауыл әкімі Елеусінов Ерболат «Біз теріс ағымға итермелейтін сайттарға жиі мониторинг жасап отырамыз. Алайда, интернет – әлемдік кеңістік. Бір сайт жабылып жатса, басқа жерден ашылып отырады. Сондықтан, балаларыңызға жиі көңіл бөліп, әлеуметтік желілердегі достарын да бақылап отыру керек екендігін» айтты.
«Қапан қажы» мешітінің имамы Ж.Ыбыраш «Ислам – ізгілік діні. Ол ешқашан адамдардың бір-бірімен қырғи-қабақ болуын, жанжалдасуын қаламайды. Ежелден Ислам дінін өмірінің бұлжымас қағидасына айналдырған ата-бабаларымыз бөлінуге емес, ұрпағын бірігуге шақырды. Топ мүшелерінің басты мақсаты – осыны түсіндіру, жастардың санасына сіңіру.
Биылғы жаңа жылдан бастап «нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» жүзеге аса бастады. Жаңа бағдарлама болғандықтан, тұрғындар, кәсіпкерлер арасында түсініспеушіліктердің туындауы әбден мүмкін. Осы мәселені ескерген топ мүшелері – облыстық басқармалар, жұмыспен қамту мекемелері және «Даму» ауыл шаруашылығын қолдау қорының өкілдері Шоқпартоғай ауылындағы әкімшілік залында, түсінік жұмыстарын жүргізді. Бизнесті ашу және жүргізу, мемлекеттік сатып алу заңдылық нормаларын, ұсынылып отырған жеңілдіктер, субсидия алу ережелерін кеңінен түсіндірді.
Әлеуметтік мәселелерді шешу бағыты бойынша жолға шыққан жұмыс тобы мүшелері Шоқпартоғай ауылдық округі тұрғындарына «Өрлеу» жобасының жүзеге асу тетіктерін, жаңа нұсқадағы атаулы әлеуметтік көмек, саладағы заңдылықтар, бейімдеу шаралары туралы түсіндіріп, ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.
ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша
баспасөз қызметі,
Шоқпартоғай ауылдық мешіті