Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Миғраж кешінің құрметіне жамағатқа уағыз айтылды

Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылдық «Қапан қажы»  мешітінде Исра және Миғраж кешінің құрметіне жамағатқа уағыз айтылды.

Ережеп айының жиырма жетінші түнінде Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) - Миғраж мұғжизасы берілді. Алла Тағаланың құдыретімен, қалауымен ғана болатын кереметтерді «мұғжиза» деп атайды. Адамзатқа екі дүниеде шапағатшы пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) теңдессіз ғажайып мұғжизалар берілді. Оның бастысы − Құран. Одан кейінгісі – Исра және Миғраж мұғжизасы.

Міне, осындай қасиетті миғраж түнінде ауылдың бас имамы Жамбыл Ыбыраш миғраж түнінің қадір қасиеті мен жасалатын ғибадат түрлері туралы уағыз айтты. Сонымен қатар, сауапты амалдарды арттыру қажеттілігін ескертті. Шынында, бұл басқосу жамағат үшін берекелі болды. Көп нәрсені біліп, біршама діни мағлұматтарға қанықты. Аллаға шүкір, мұндай басқосулар жамағаттар арасындағы ынтымақ-бірлікті арттырары сөзсіз.

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі

бойынша баспасөз қызметі,

"Қапан қажы" мешіті

Жоғарыға