Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Имамдар форумында қабылданған құжаттарды түсіндіру

25-сәуір күні  Құрманғазы аудандық «Темірәлі» мешітінің бас имамы Нұрлан Жарқымбаев құптан намазының алдында жиналған жамағатқа 19 сәуір күні 2-ші Республикалық имамдар форумында қабылданған екі құжатқа байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  Екі құжаттың біріншісі «21 ғасырдың үздік зияткер имамы», ал екіншісі «Ханафи мәзһабы мен Матуруди сенім мектебі – Қазақстандағы исламның дәстүрлі жолы ұстанымы» деп аталады. Н. Жарқымбаев өз сөзінде: «Бұл екі құжат Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының стратегиялық даму жоспары. Өйткені, қазақ халқы сенім тұрғысынан Матуриди, құқықтық мектепте Әбу Ханифа қалыптастырған ілім жүйесін ұстанып келеді. Осы сеніммен қаншама жылдар бойы елді басқарып келген кешегі хан-билеріміз тура жолынан таймаған. Біле білсеңіздер, бір мазһабты ұстану бұл ынтымақтың кепілі, іріткі болған жерде ешқашан береке болмаған», – деді өз сөзінде.

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі, «Темірәлі» мешіті

Жоғарыға