Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Садақаны сау кезіңде бер

25-сәуір күні Құрманғазы ауданы, Байда ауылының тұрғындары ұйымдасқан түрде Құдайы жолы садақа берді. Садақа берудегі мақсат –  қазіргі таңда жер-жерді су алып, біраз қиындықтар тудырып жатқаны белгілі. Соған орай, «садақаңды сау кезіңде бер», – демекші, апаттың алдын-алу, сақтық шаралары оң нәтиже беруін Жаратушы Жаппар иеден сұрау. Байда ауылы Қиғаш өзенінің жағасында орналасқан.

Құрманғазы ауданының бірқатар ауылдарында аудан әкімі Шаяхметов Бибоз Байдәулетұлының басқаруымен бөгеттер қайта жасалынып жатыр. Сақтықта қорлық жоқ дегендей тілсіз жаудың алдын алу жұмысының жақсы өтуін бір Алла қабыл еткей! Құдайы жолы садақаға арнайы Аудандық «Темірәлі» мешітінің бас имамы Н. Жарқымбаев барды. Жиналған ауыл тұрғындарына аудан имамы, садақа берудің сауабы жайында, өзге ағымдардан жас балаларының сақтануы жайында және 19 сәуірде өткен 2 ші республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттар жайында өнегелі уағыздарын айтып өтті.

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі, «Темірәлі» мешіті

Жоғарыға