«Иманғали» орталық мешіті «Ақтөбе асарына» қолдау білдірді
Су тасқыны сияқты табиғат апатына ұшыраған ақтөбелік ағайынға көмек қолын созып, қайырымдылық жасау мақсатында Ақтөбе облыстық «Нұр ғасыр» орталық мешіті «Ақтөбе асары» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырған болатын.
Акцияның ақпараттық хатында «Атөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың жағдайына бей-жай қарамай, Алла ризалығы үшін қаржылай көмек көрсетулеріңізді сұраймыз» делінген.
Осыған орай, ҚМДБ-ның мұнайлы өңірдегі өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы көмекке мұқтаж ағайынның жағдайына бей-жай қарамай, атыраулық жамағатты «Ақтөбе асарына» қолдау білдіруге шақырып, парақшалар таратты.
«Иманғали» орталық
мешітінің баспасөз қызметі