Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Қандас бауыр үшін қан тапсыру – қайырымдылық

ҚМДБ-ның Атырау өңіріндегі өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы бастаған мешіті жамағаты қашан да қиналғанға  қол ұшын созып, көмек көрсетуге дайын. Сансыз сауабы мол игі істің бірі –  төсекке таңылған қандас бауыр үшін қан тапсыру десек, мешіт жамағаты 4-мамыр күні облыстық аурухананың жан сақтау бөлімінде ауыр халде жатқан Қарасаев Есболат Орынбасарұлы үшін  қан (донор) тапсырды.

«Бауырыңа өмір сыйла» акциясы аясында өткен шарада 20-ға тарта мешіт жамағаты қан тапсырды.

 

«Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Жоғарыға