Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Бас мүфтидің «Мүбәрак Рамазан» атты еңбегі бойынша сайыс өтеді

 

ҚМДБ-ның мұнайлы өңірдегі өкілі,  «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлының бастамасымен 4-мамыр күні мешіттің жас жамағаттарының кезекті жиыны өтті.

Жиынды өкіл имам ашып, басқосудың мақсатын түсіндіріп өтті. «Алда айлардың сұлтаны – қасиетті Рамазан айы келе жатыр. Ықылас-ниет қойған адамға Рамазан – ас-судан тыйылу ғана емес, рухани жаңару, жаңғыру айы. Құлшылықпен тазарған жүректің Құран хикметін терең сезінетін ай. Десек те Рамазан туралы білімді арттыра түсудің сауабы мол», – деген өкіл имам ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Мүбәрак Рамазан» атты еңбегі бойынша кітап оқу сайысының жарияланатынын айтты.

Сайыстың басты шарты – сайыскерлер 20 күн ішінде аталған кітапты оқып, қойылатын сұрақтарға жауап беруге дайын болуы керек. Қорытынды кеш Рамазан айының басталуына 2-3 күн қалғанда өтіп, жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Сайысқа қатысып, өз бағымды сынаймын деген жастар табылып жатса, мархабат! Мешітке келіп, қосымша тізімге тіркелуіне болады!

 

«Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Жоғарыға