«Жұма шайы» бірлік тақырыбына арналды
5-мамыр күні қасиетті жұма намазынан кейін мешіт ақсақалдары жұма шайында бас қосты. Мешіт жамағаттарынан тұратын қариялардың кезекті басқосуын ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы ашып, ел мен елдің басын қосып, ағайын мен ағайынның бауырмалдық, татулық, достығын арттыратын бірлік тақырыбында сөз сөйледі.
Байырғы қазақ салты бойынша қалса, отбасы-әулетінің,асса күллі алаш жұртының басын қосып, бірлігіне ұйытқы болған да – ер-азаматтар. «Себебі, Алла Тағала ер адамның міндетіне Отбасы – Отанын қорғау жауапкершілігін жүктеген. Қария болған шағында қария елдің қазынасына айналады. Ендеше, бірлікті сақтауда қариялардың тағылым-өнегесі зор», – деп өкіл имам ақсақал қариялардың бірліктің ұйытқысы болудағы аталық міндеттерін атап өтті.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі