Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

«Қапан қажы» мешітінде Әйел-қыздар секторының басқосу жиыны өтті

 

«Қапан қажы» мешітінде «Әйел-қыздар» мектебінің басқосу жиыны өтті

 

Жылыой аудандық орталық  мешітінің бас имамы А.Исаевтың қолдауымен құрылған аудандық «Әйел-қыздар» мектебінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Әйел жамағатымен жұмыс жасап келе жатқан сектор «Әжелер кеңесін» құрып, мектеп жұмысын жандандыру, сондай-ақ, ҚР Қажылар қауымдастығы Құлсары филиалының төрайымымен кездесу ұйымдастыру, жастарға өнеге болу мақсатында жұма сайын дөңгелек үстел ұйымдастыруды қолға алып еді.

 

Осы орайда сәуір айына жоспарланған кезекті дөңгелек үстел "Туысқандық қарым- қатынас" тақырыбында өтті.  Шара соңында аналарымыз дөңгелек үстел тыңдармандарымен еркін пікір алмасып, отбасы берекесін сақтаудағы әйел адамның жауапкершілігін баса көрсетті.

 

 

 

 ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

 

баспасөз қызметі, "Қапан қажы" мешіті

 

Жоғарыға