Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Аудандық саябаққа ағаш отырғызылды

29-сәуір күні аудандық Жастар ресурстық орталығы, Құрманғазы аудандық «Темірәлі» мешітінің бас имамы Н. Жарқымбаев бастаған мешіт жамағаты, аудандық прокуратураның қызметкерлері және Агротехникалық колледж студенттері бірлесе отырып, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин ауылындағы орталық саябаққа 100-ден астам ағаш отырғызды.

 «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген атам қазақтың дәстүрімен бұл игі шара әлі де жалғасын табатын болады.

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі, «Темірәлі» мешіті

 

Жоғарыға