Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

«Исатай-Махамбет» мұсылмандар мешітінің жамағатына уағыз-насихат жүргізілді

Ағымдағы жылдың 27, 28 сәуір  күндері Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының қолдауымен «Жәрдем-Атырау» корпоротивтік қорының ұйымдастыруымен Атырау облысы, Махамбет ауданының «Исатай-Махамбет» мұсылмандар мешіт жамағатына уағыз-насихат жүргізілді.

27 сәуір күні Махамбет ауданының «Исатай-Махамбет» мұсылмандар мешітінде «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы қоғамдық қорының теологы Убаев Батырбек «Жат ағымдарға қарсы тұруда ақсақалдар рөлі» атты тақырыбында уағыз айтты. Уағыз барысында жиырма беске жуық ауыл ақсақалдарының басы қосылып, тәмсілі мол ойымен бөлісті. Өздеріңізге белгілі жастардың жат ағымға кетудің бірден бір себебі рухани аздығының жетіспеуінен және де діни сауатсыздығының ықпалынан болып жатқандығы баршаңызға мәлім. Сондықтан ауыл ақсақалдарының жүректен шыққан ақ тілегі мен жастарға берер тәлім тәрбиесі сіз секілді қарттарымыздан бастау алатындығын тілге тиек етті.

Сондай-ақ, 27 сәуір күні «Исатай-Махамбет» мұсылмандар мешітінде Құптан намазына дейін «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы қоғамдық қорының теологы Құлсымақов Мейіржан «Ханафи мазхабындағы фиһқ, матруди сенімі ақидасын түсіндіру» бойынша жамағатқа насихат жүргізді.

28 сәуір күні жоғарыда аталған мешітте «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы қоғамдық қорының теологы Убаев Батырбек «Мұсылманның бірлігі – бейбітшіліктің кепілі» тақырыбында жұма уағызын өткізді. Жиылған жамағатқа ауыз біршілікке, ынтымақтыққа және бауырмалшылдыққа үгіттей отырып, еліміздің тыныштығы мен жұртымыздың амандығы бәріміз үшін маңызды екенін жеткізді.

 

«Шапағат» орталығы

баспасөз қызметі

Жоғарыға