Дәстүрлі діннің қоғамдағы рөлі
28 сәуіркүніАтырауоблысыБілімберубасқармасыныңтапсырысыбойынша «Шапағат» деструктивтікдіниағымдарданжапашеккендергекөмекорталығыныңұйымдастыруымен №18 Крупскаяортамектебініңоқушыларыменұстаздарыныңқатысуымен «Дәстүрлідінніңқоғамдағырөлі» тақырыбындакездесуөтті. Кездесуге «Шапағат» орталығыныңтеологмамандарыС.ЕншібайұлыжәнеА.Уразовқатысты.
ЖиынбарысындатеологС.Еншібайұлыөзкезегіндежастарғаимандылықты, ұлттықдәстүрлердінасихаттап, сөзденіскекөшукерекекенінатапөтті. Салт-санамыздағы тәрбиелік мәні бар құндылықтарды жастар арасында насихаттау үшін сөз бен іс-әрекеттеріміздің арасындағы сәйкестілік болу керек. Ұлттық рухтың уызын ұлттық құндылықтар құрайды. Ұлтына деген сүйіспеншілік тарихыңды, тіліңді, әдет-ғұрпыңды, дініңді білуден басталады. Қазақстан – 2050 Стратегиясында «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін-ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал» – көрсетілген. Әрине, ұлттық дәстүрден және ата-баба дінінен хабары бар жас өзінің ұлттық болмысы мен рухани дүниесінен, ата дәстүрімен, ана сүтімен сіңген тәлім-тәрбиені өмір бойы ұстанады. Ата-баба өсиеттері, адамды тәрбиелілікке шақырып, оны игі істерге жетелейтіні белгілі. Ұлттық тәрбиенің бір негізі діни мәдениетімізде және өнегелі тәлім-тәрбиемізде жатыр, - деп сөзін қорытындылады. Сондай-ақ, теолог А.Уразов қазіргі діни ахуалды түсіндіріп, қазіргі уаққытта дін мәселесі өзекті және нәзік мәселелердің бірі екендігі туралы тиек етті. Дәстүрлі емес діни ағымдардың кетудің себептері, олардың интернет, сараптамадан өтілмеген кітап, кітапшалар көшедегі уағыз айтушылардың әсерінен болып отырғандығын айтты. Сол теріс діни ағымға кеткен адамдардың көбі діни білімі төмен және діни сенімі дұрыс қаланбағандықтан осындай жолға түсіп отыр. Егер, діни білім алғыларыңыз келсе әуелі ата-анамен ақылдасып, теолог арқылы жүзеге асыру керек. Әйтпесе өз беттерімен діни білім алатын болсаңыздар адасуға апаратындығын жеткізді.
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, пікір алмасты. Шара соңында сауалнама жүргізілді.
«Шапағат» орталығы
баспасөз қызметі