Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Жат ағымдардан сақ болуға үндеген кездесу

 «Жәрдем-Атырау» кооперативтік қоры және Дін істері басқармасы «Ақпараттық-талдау орталығы» ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 27 сәуір күні Махамбет ауданындағы Сарайшық ауылдық округіндегіҚ.Қарашұлы атындағы орта мектебі және Сарайшық көпбейінді ауылшаруашылық колледжінің акт залында ұстаздар мен ата-аналар және студенттер арасында «Жат ағым жарылқамайды» атты кездесу өтті.

Мақсаты - діни тұрақтылықты нығайту, сауаттылықты арттыру, экстремизм мен радикализм идеяларын алдын-алу, дәстүрлі емес діни ағымдардың сипаттары бойынша ақпарат беру

Аталған жиынға Атырау облысытық прокуратурасының аға прокуроры М.Хабибулин, Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының м.а. Г.Мұхтарова, Сарайшық ауылдық округінің әкімі А.Мастекова, «Шапағат» Деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» ҚҚ-ның теологы Б.Убаев және Н.Жетпіспай,  «Жәрдем-Атырау» КҚ-ның директоры Е.Жаулин қатысты.

«Жәрдем-Атырау» корпоротивтік қорының директоры Е.Жаулинбаяндамашыларды таныстырды, ұйымдастырудағы мақсаты мен маңызына тоқталды. Қазіргі кезде дін мәселесі өзекті, ауқымды екендігін тілге тиек етті. Қатысушыларға осы мүмкіндікті пайдалана отырып көкейдегі толғандырған сауалдарды қоюға шақырды.

«Шапағат» Деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» ҚҚ-ның теологы Б.Убаев өз сөзінде бүгінде елімізде, қанатын кең жая бастаған дәстүрлі емес діндердің атынан да, санынан да адам шатасатын хәлге жетті. Еліміздегі неше түрлі атпен аталып, естіп жүрген жат ағымдар жайында тілге тиек етті. Атап айтатын болсақ сәлафизмнің ішіндегі мадхалид, сурурит, такфирит, хададит және тағы басқа ағымдар туралы ақпарат берілді. Осы, аталған ағымдар батыс өңірінде дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанатын жастардың да көп екендігін жасырын еместігін айтып, сәлфизмнің тармақтары бойынша жеке-жеке тоқталып, слайд арқылы түсіндіріп өтті.

 

«Шапағат» орталығы

баспасөз қызметі

 

Жоғарыға