Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Жат ағым ешкімді жарылқаған емес

«Жәрдем-Атырау» корпоротивтік қоры және Дін істері басқармасы «Ақпараттық-талдау орталығы» ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 27 сәуір күні Махамбет ауданындағыБақсай ауылдық округіндегі Таңдай орта мектебінің акт залы «Жат ағым жарылқамайды» атты кездесу өтті.

Мақсаты - діни тұрақтылықты нығайту, сауаттылықты арттыру, экстремизм мен радикализм идеяларын алдын-алу, дәстүрлі емес діни ағымдардың сипаттарын бойынша ақпарат беру бағытында өрбіді

Кездесуге Атырау облыстық прокуратурасының аға прокуроры М.Хабибулин, Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының м.а. Г.Мұхтарова, Бақсай ауылдық округінің әкімі Қ.Мәжиев, «Шапағат» Деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» ҚҚ-ның теологы Б.Убаев және Н.Жетпіспай,  «Жәрдем-Атырау» КҚ-ның директоры Е.Жаулин қатысты.

Бақсай ауылдық округінің әкімі Қ.Мәжиев кездесуге келген баяндамашыларды таныстырып мақсаты мен мән маңызына тоқталды. Қазіргі кезде дін мәселесі өзекті әрі ауқымды екендігін айта отырып, қатысушыларға осы мүмкіндікті үнемді пайдаланып көкейде жүрген сауалдардың жауабын алуға шақырды.

«Жәрдем-Атырау» КҚ-ның директоры Е.Жаулин: Деструктивті ағымдар қай елді алып қарасақ та өз залалдарын тигізіп тыныш елдің ынтымағын құртып келеді. Жат ағым ешқашан ешкімді жарылқаған емес олардың кесірі қоғам дертіне айналып кетті десек те болады деді сөз барысында.

Шапағат» Деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» ҚҚ-ның теологы Б.Убаев қазіргі уақытта асыл дініміз исламды ұстанып, дінге бет бұрып жатқандығы және олардың басым бөлігін жастар құрайтыны белгілі. Бір жағынан бұл жақсы хабар болса, екінші жағынан  - дәстүрлі дінмен мүлдем үйлеспейтін кейбір сан алуан пікірлер мен ұстанымдардың салдарынан туындайтын түрлі келеңсіз жәйтер екенін айтты.  Осы келеңсіз, түрлі пікірлерді дәстүрлі емес діни ағымның жетегінде жүрген ағымдар тудыртуда. Жалпы айтсақ, дін атын жамылған жат ағымдардың топтардың мүшелері діни сауаты төмен жастардың шығып жатыр. Яғни, сәлафизмді ұстанушы ағымдар екеніндігін толыққанды түсіндіріп, слайд арқылы олардың сипаттары туралы ақпарат берілді.

 

«Шапағат» орталығы

баспасөз қызметі

 

Жоғарыға