Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

«Қапан қажы» мешітінің имамы Ж.Ыбыраш балабақша ұжымымен кездесу өткізді

«Қапан қажы» мешітінің имамы Ж.Ыбыраш  «Балдаурен» балабақша ұжымымен «Тәрбиеші мен ата-ана ынтымақтастығы» тақырыбында кездесу өткізді. Тәрбиенің алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшада әрі қарай жалғасын табады. Халқымыздың даналығына құлақ ассақ, «адамның бақыты балада» деген екен. Кез-келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын «бақыт» деген сөздің өлшемі, өмірінің жалғасын ұрпағымен келетініне келсе, екінші жағынан даңқ, атақтан, мансап пен қызметтен іздейді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты. Адамға нағыз бақытты – тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. Сондықтан баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беруде отбасы мен балабақшаның бірлескен өзара тығыз байланысы болуы маңызды. Балабақшада өткізілген әрбір іс-шара, ертеңгіліктердің тәрбиелік мәні, мағыналы болуы ата-аналардың жиірек келуіне, белсене қатысуына да ықпалын тигізеді.

Ата-ана балабақщаға көмекші, сенімді тірек болып, ортақ байланысты нығайтқанда ғана тәрбие жұмысы нәтижелі болмақ. Адамгершілік қасиетті бала болуына сіңіру балабақша мен ата-аналардың педагогикалық ынтымақтастығы арқылы жүзеге асырылатының есте сақтағанымыз жөн.

Балабақша ата-аналарымен қарым-қатынас жасауда, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, олардың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасайды. «Қапан қажы» мешітінің имамы Жамбыл Демеуұлы тәрбиешілерге отбасында баламен қарым-қатынас кезінде өнегелі сөздерді орнымен қолданып жас ұрпақтың санасына сіңіру арқылы халқымыздың салт-дәстүрін, тілін, елін, жерін құрметтейтін азаматтарды тәрбиелеу басты борышымыз. Бала ата-ананың болашақ үміті, адамзаттың келешегі. Бала тәрбиесі, оны мәпелеп өсіру бүгінгі таңның үлесіндегі күрделі міңдет- деді. Осы міңдетті балабақша ұжымы өздерінің ізденімпаздылығы мен шығармашылық еңбектерімен орындауда.

«Балдаурен» бала бақшасының басшысы Неллә «отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып жерге қаратпасын десең, балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»-деп ата-бабамыз мұра етіп қалдырғандай, бала тәрбиесінде дер кезінде көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпақтарын тәрбиелейік», -деді.

Тәуелсіз елімізідің ұлдары мен қыздарының жан-жақты дамыған, өзіндік пікірі бар, жерін, ата-анасын, тәрбиешісін құрметтейтін азамат болуына ықпал жасайық ағайын.

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі, "Қапан қажы" мешіті

Жоғарыға