Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Мешіт жастарымен ашық сұхбат

5-мамыр жұма күні Құрманғазы ауданы, «Темірәлі» мешітіне ҚМДБ- ның Атырау облысы бойынша жалпы және жастар ісі бөлімінің жетекшісі, «Иманғали» орталық мешітінің азаншысы Урумбаев Арман мешіт жастарымен кездесті.

Кездесу барысында А.Урумбаев Абдуллаһ ибн Умми Мактум сахаба жайында уағыз айтып, уағыз соңынан жамағаттың көкейінде жүрген сұрақтарына тұщымды жауаптарын берді.

Ашық сұхбат соңында уағызға жиылған жамағат дастарханнан дәм ауыз тиді.

 

ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша

баспасөз қызметі, «Темірәлі» мешіті

Жоғарыға